Қайрат Сәтжанов ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

Отандық бокс қауымдастығы Қайрат Тұрсынханұлына сіңірген еңбегі үшін зор алғыс білдіреді және мықты денсаулық пен сәттілік тілейді.

2024 жылдың тамыз айынан бастап ерлер арасындағы ұлттық бокс құрамасының бас жаттықтырушысы болған Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты бұл қызметтен кетуге мәжбүр болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

35 жылдан астам бапкерлік тәжірибесі бар еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы жетекшілік еткен кезеңде ұлттық құрама көптеген халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, әлем чемпионаттарында жүлдегер атанды.

Отандық бокс қауымдастығы Қайрат Тұрсынханұлына сіңірген еңбегі үшін зор алғыс білдіреді және мықты денсаулық пен сәттілік тілейді.