Астанада былтыр үш судья әдепсіз мінез-құлқы үшін жауапкершілікке тартылды

Олардың бірі Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша өткен сот процесінде болған.

Судьялардың әдеп кодексін бұзу фактілерін Судьялық әдеп жөніндегі комиссия тексеріп, қорытынды шығарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кейін бұл мәселені Жоғарғы Сот кеңесі қарайды, ал соңғы шешімді Судьялар алқасы қабылдайды. Судья қабылданған шешімге шағым бере алады.

Олардың бірі Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша өткен сот процесінде болған. Судья сот отырысы кезінде камераға тіл көрсеткен. Бұл әрекеті үшін Судьялық әдеп кодексін бұзу фактісі бойынша тексеріліп, ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.