Ғалымжан Кенжебек ресми түрде «Ахмат» клубының ойыншысы атанды

«Ахматты» Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады

Ғалымжан Кенжебек ресми түрде «Ахмат» клубының ойыншысы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстан құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы клубпен 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол Ресей клубындағы Қазақстан құрамасының екінші өкілі, командада Максим Самородов та ойнап жүр.

«Ахматты» Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады. Ресей Премьер-лигасының 18 турынан кейін клуб 16 команданың ішінде 8-орында тұр.