Алматы облысы Қарасай ауданының Бұлақты-2 ауылында орналасқан жиһаз цехы отқа оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына дереу барды. Өрт болған жерде жедел штаб өрістетілді, аумақ қоршалып, электр энергиясы токтан ажыратылды, жарық мұнарасын пайдалана отырып жарықтандыру ұйымдастырылды.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖМ мен ЖАО 25 адам жеке құрам мен 8 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда, -деп жазылған ТЖМ ресми хабарламасында