Қазақстандық киберспортшы әлемдегі «Жылдың жаңа ойыншысы» атанды

Данил «Жылдың үздік ойыншысы» атағында алтыншы орынға тұрақтады

Данил Molodoy Голубенко HLTV нұсқасы бойынша CS2-де (Counter-Strike) «Жылдың жаңа ойыншысы» атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстандық киберспортшы бразилиялық FURIA сапында өнер көрсетіп, Team Falcons ойыншысы Максим kyousuke Лукин мен Natus Vincere өкілі Дрин makazze Шакириді басып озды.

HLTV Awards салтанатында марапатты Molodoy-ға бельгиялық аңыз ойыншы Адиль ScreaM Бенрлитом табыстады. Ал «Жылдың үздік ойыншысы» атағын үшінші рет қатарынан француз Матье ZywOo Эрбо иеленді. Molodoy бұл санатта алтыншы орынға тұрақтады.