Жатақханада қалған студент
Жатақханада қалған студент
Дүниежүзін дүр сілкіндірген аса қауіпті жұқпалы ау­рудың алдын алу шараларына байланысты Қазақ­стан­дағы жоғары оқу орындары да қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Осыған орай, елордадағы Орталық ком­муни­ка­циялар орталығында өткен баспасөз мәс­лихатында Бі­лім және ғылым министрі Асхат Айма­ғам­бетов қа­шықтан оқыту туралы, сондай-ақ жатақханадағы сту­денттерді үйге жіберу тәртібі жайында мәлімдеме жасады.
– Бір-екі күннің ішінде «жа­тақхананы босатыңдар» деп сту­денттерді қуа алмаймыз. Бұл орай­да біз жоғары оқу орындары мен колледж басшылығына ар­найы тапсырма бердік. Түрлі се­бептер­мен үйіне қайта алмай қал­ған не­месе қайтуға мүмкіндігі жоқ сту­денттердің жатақханада қалулары үшін барлық жағдай жасалына­ды, – деді А.Аймағамбетов.
Оның айтуынша, жатақханада ешқандай шаралар өткізілмейді. Тек әр студент өз бөлмесінде ғана болуы тиіс. Басқа студенттермен араласуға тыйым салынған.
– Елімізде 90 мыңға жуық сту­дент жатақханамен қамтамасыз етілген болса, қазіргі кезде соның 20 мыңнан астамы әлі де жатақ­ханада тұрып жатыр. Жатақханада қалған студенттерге шектеу қо­йылып, сақтық шараларын сақ­тау бойынша жұмыстар жүргі­зі­луде, – дейді министр.
Иә, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қатысты пандемия жариялаған соң, Қазақстан аурудың таралуына жол бермеу шараларын күшейтті. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов та коронави­рус­тың таралуына байланысты оқу­шылар 2020 жылдың 16 наурызы мен 5 сәуірі аралығында демалыста болатынын, ал 16 наурыздан бас­тап колледж бен жоғары оқу орын­дары қашықтан оқытуға көшетінін жариялаған болатын. Қазіргі уақытта ауылдарына қайта алмаған студенттерді көбі пойызға билет таусылғанын, ұшақ билеті де қымбаттағандықтан жа­тақханада қалуға мәжбүр болға­нын айтып отыр. Осы тұста олар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ылғалды тазалаудан бөлек, арнайы мамандардың көмегімен дезинфекциялық жұмыстар да жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Бұл ретте студенттер де жауапкершілікті түсініп, бөл­мелерін таза ұстап, ескертпелерді естен шығармай, сақтық шара­ларын қолға алған көрінеді.
– Жатақханаларда корона­ви­русқа қатысты ылғалдандыру жұ­мыстары жүріп жатыр. Бөлмелерді екі сағат сайын арнайы физрас­творлармен тазартамыз. Кіребе­ріске антисептик қойдық. Балалар кіріп-шыққан сайын қолдарын міндетті түрде тазалайды, – депті жатақхана меңгерушісі Сәуле Батырханова «Алматы» телеар­насына берген сұхбатында.
Біз өз кезегімізде студенттердің жайын білу мақсатында бірнеше оқу орнының студенттерімен ха­ба­р­ластық. Олардың көбі жатақ­ха­нада қолға алынып жатқан сақ­тық шаралары туралы пікір білді­руден бас тартты. Тек бір студент қана сұрағымызға нақты жауап берді.
– Жатақханадағы жағдай жақ­сы. Дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қазіргі кезде студенттердің көбі үйлеріне қайтып кетті. 600-700 студенттен 50 шақтысы ғана қалды. Сту­дент­тер үйіне пропускімізді көрсетіп, чип арқылы кіреміз. Бөтен адам­дар жатақханаға кіре алмайды. Түнгі 11-ден кейін рұқсатсыз бөл­мемізден шықпаймыз, – деп жауап берді атын атамауды өтінген Қарағанды медициналық уни­верситетінің студенті.
Бүгінгі таңда еліміздегі барлық жоғары оқу орындарындағы жа­тақханаларда студенттерді коро­навирустық инфекциядан қорғау бойынша іс-шаралар күшейтіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байла­нысты үйіне бара алмай, жатақ­ханада қалған студенттерге ба­рынша көмек көрсетілетіні туралы аталған жоғары оқу орнының жеке сайтында үндеу жариялаған. Онда: «Коронавирус мәселесіне студенттеріміз, олардың ата-аналары аса түсіністікпен қарап, уақытша орын алған сын мен қиыншылықты бірге еңсереміз деген ойдамын. Егер білім алу­шылар туған жерлеріне бармай, осында қаламыз десе, олар үшін де барлық қолайлы жағдай жа­салған» деп жазылған. Қалай дегенмен де, коро­навирус пандемиясымен күресуді мықтап қолға алғанымыз жөн. Бір қуантарлығы, университет қабыр­ғалары мен жатақханаларда да вирустық инфекцияның тара­луына жол бермеу және алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мәселеге байланысты университет басшылары арнайы комиссия құрып, жатақханада санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауды тапсыруда. Бас қаламыздағы Астана медицина университетінің волонтер сту­денттері де мамандарға корона­вирустың алдын алуға көмек­те­суде. Коронавирус пандемия­сы­мен күресуді медицина қызмет­кер­лері мен аталған оқу орнының студенттері алғашқылардың бірі болып бастағанын хабарлады. «Сақтықта қорлық жоқ» дей­міз. Әзірге басты міндет нем­құ­райдылыққа салынбай, ауруға қарсы сақтық шараларын жүргі­зуді тоқтатпау болып тұр.  

 width=  Абылайхан ЖҰМАШ