АҚШ-та тұтқындаулы Мадуроның ұлы шұғыл мәлімдеме жасады

Сондай-ақ ол «Мен күрескермін» деген әкесінің сөзін мысалға келтірді.

Венесуэла президентінің ұлы Николас Мадуро Герра әкесінің АҚШ-тағы қамауда жағдайы жақсы екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

«Адвокаттар бізге оның күшті екенін, қайғырмауымыз керегін айтты. Ол өзі де “уайымдамаңдар, бәрі жақсы” деп жеткізді»,-деді Николас.

Сондай-ақ ол «Мен күрескермін» деген әкесінің сөзін мысалға келтірді.

«Олар оны ешқандай жолмен жеңе алмады, сондықтан шамадан тыс күш қолдануға мәжбүр болды. Бірақ олар бәрібір оны жеңе алған жоқ. Ол — мықты. Біз де мықты болуымыз керек. Себебі біз сынған жоқпыз, біз бүтінбіз, біз шайқалмаймыз»,-деді Николас Мадуро Герра.