2026 жылғы 8 қаңтарда шамамен сағат 20:30-да Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен үш әйелді құтқарып, оларды жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Өкінішке қарай, 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Өрт сағат 21:37-де толықтай сөндірілген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.