Астана маңында балық аулап жүрген балықшылардың олжасын даладағы түлкісі тартып алып кетпек болып, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан бейнежазбада түлкінің балық салынған шананы сүйреп әкетуге тырысқаны көрінеді. Адамдардың жақын жерде тұрғанын байқаса да, ол райынан қайтпай, олжасын өзіне қарай тарта берген.
Бірақ балықшы олжасын бермеді. Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін жыртқышқа кері шегінуге тура келді.