Қазақстанда 30-38 градусқа дейін аяз болады

Аяз республика аумағы арқылы жылдам қозғалып, алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Алдағы күндері елімізде аяз басталады. Жаңа жер аудандарынан Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес.

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30-38 градус аязға дейін төмендейді. Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.