Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды

Шаруа қожалығы 3 850 гектар аумақта орналасқан және заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген.

Абай облысының Ақсуат ауданында қуаттылығы 5 мың бас ірі қараға арналған заманауи мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нысан «Мәуліт» шаруа қожалығының базасында іске қосылды. Қожалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – жергілікті тұрғындар мен жеке қосалқы шаруашылықтардан бұзауларды қабылдау. Бұл ауыл тұрғындарына қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп, оларды агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік тізбегіне тартуға жол ашады.

Қазіргі таңда бордақылауда 1 200 бас бұқашық бар. Бордақылау алаңының іске қосылуы өңірде сиыр етін өндіру көлемін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Абай облысының ауыл экономикасын дамытуға қосымша серпін береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.