BilimClass тегін платформасы қандай мүмкіндіктер ұсынады?

BilimClass электрондық журналы 2022 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазір платформа Қазақстанның 11 өңірін қамтыған.

BilimClass электрондық журналы 2022 жылы іске қосылған. Дегенмен платформаның идеясы мен әзірлену барысына пандемия кезеңі тікелей әсер еткен. 2020 жылы ел мектептері қашықтан оқу форматына жедел ауысқан кезде, білім беру жүйесіне жүктеме артты және жаңа цифрлық шешімдер қажет болды. Осы тұста Bilim Group командасы OnlineMektep платформасын әзірлеп, қазақстандық оқушыларға видеосабақтар мен тапсырмалар ұсынды.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін де цифрлық құралдардың тек төтенше кезде ғана емес, жалпы оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажет екені айқындалды. Осы қажеттіліктің негізінде Bilim Group оқу процесінің түрлі компонентін біріктіретін BilimClass жүйесін әзірледі.

Қазіргі таңда BilimClass-ты Қазақстанның 11 өңірінде шамамен 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім пайдаланады. Платформа Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының мектептерін енгізілген. Ал жүйеге қосылған мектептердің жалпы саны 5000-ға жуық.

BilimClass мектептерге арналған ерекше құрал — Автоматтандырылған білім беру мониторингі жүйесін ұсынады. Бұл жүйе тоқсан қорытындысын жедел талдауға, оқу барысын нақты деректер негізінде бақылауға және шешім қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Мониторинг функциясы арқылы BilimClass мектептерге интерфейсі түсінікті, талдау тереңдігі жоғары құрал ұсынады: жүйеде жалпы мектеп көрсеткіштерінен бастап, әр сынып, әр оқушы және әр мұғалім деңгейіндегі деректерге дейін толық ақпарат көрсетілген. Жүйе оқу барысындағы олқылықтарды анықтап, оларды түзету жолдарын ұсынады, қай бағытта әдістемелік қолдауды күшейту керегін көрсетеді және басқару деңгейінде шешім қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ ата-аналармен және педагогтермен жұмыс ашықтығын арттырып, білім сапасын жүйелі түрде жақсартуға жағдай жасайды», — дейді Bilim Group компаниясының өнім менеджері Фархат Усен.

Платформаның артықшылығы

BilimClass ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау бойынша ұлттық талаптарға толық сәйкес келеді. Платформа ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің сертификаттауынан өткен. Платформа өкілдері ақпараттық қауіпсіздікті бірінші орынға қояды: жүйе пайдаланушылар деректерінің құпиялығын, сақтау сенімділігін және қолжетімділік шектеулерін қамтамасыз етуге бағытталған.

BilimClass тегін мобильді қосымшасы арқылы ата-аналар мен оқушылар сабақ кестесін, үлгерімін және үй тапсырмаларын бақылай алады. Платформа мектептерге арналған басқару жүйесін, оқу контентін, әдістемелік талдау мен аналитикалық құралдарды біріктірген.