Әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде қасиетті Меккеге жасаған сапары туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бұл сапарды көптен бері армандағанын атап өтті. Сонымен қатар қасиетті мекенде әкесіне деген сағынышын жеткізді. Әнші жақында ұлынан айырылған күйеуіне барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтты.
«Қасиетті Қағбаға басымды тигізіп тұрып, тіліме үйірілген жандардың аттарын қайталап дұға жасай бердім. Көзімнен ыстық жас тоқтамады. Тас түскен жеріне ауыр, бауыр еті баланы жоғалту жүрекке түскен ауыр тас ешқашан ерімес. Бірақ жүректі жылыта беру жақындарының парызы шығар. Мен қолымнан келгенше, денсаулығым жетсе, жүрегінің жылытушысы болайын, бапасы», – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.