Блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде өзіне іздеу жарияланғанына пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол өзін қылмыскер санамайтынын айтты.
«Кімнің ала жібін аттап кеттім? Ел болып, дүйім жұрт болып, барлық жұмысты ысырып қойып іздейтіндей қылмыскер емес сияқты едім», - дейді ол видеода.
Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі блогерге іздеу жариялады. ҚМА-ның мәліметінше, блогерге қаңтар айының 10-ы күні іздестіру жұмыстары басталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.