Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова туған күнін жақындарының ортасында атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Туған күн кешінде анасына тілегін жеткізген Мерей Заманбекқызының сөздері жұрттың жүрегін елжіретті. Ол анасының немерелі болып, бақытты әже атанғанын армандайтынын айтқан.
"Жаным анам, әрқашан сенің қасыңдамын. Сен де менің жанымда жүре бер. Алла қаласа, мен күйеуге шығып, бала туамын, соған куә болып, ортамызда жүре бер. Қастарында әдемі әжесі болып жүре бер. Болашақта солай болғанын қатты қалаймын, армандаймын. Сені қатты жақсы көремін. Сендей ана берген Аллаға мың алғыс. Осындай қуанышта кездесе берейік", - дейді ол.
Желі қолданушылары Мерейге ыстық ықыласын білдіріп жатыр.
"Мерейіңіздің ақ тілегі қабыл болсын!", "Тездетіп сол күнге жетуді, Алла нәсіп етсін", "Сондай ақылды қыз", "Мерейдің бағы ашылсын", - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.