Депутаттарға халықаралық құжаттарды ратификациялауға қатысты бірқатар заң жобасын қарау ұсынылады. Олардың қатарында 2023 жылғы 4 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісім бар. Бұл құжат тауарлардың шығу тегін айқындау және растау мәселелерінде мүше мемлекеттердің тәсілдерін біріздендіруге бағытталған. Ол бақылаудың бірыңғай қағидаларын қамтамасыз етіп, қазақстандық өнімнің сұр реэкспорт схемаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ 2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарау жоспарланып отыр. Бұл құжат ықтимал беделдік сын-қатерлерді азайтуды көздейді.
Бұдан бөлек, Мәжіліс мемлекеттік қызмет, Алатау қаласының арнайы мәртебесі, инвестициялық қорлар, машина жасау саласын дамыту, жол қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызметке қатысты жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайтын болады.