Дәрігерлер дән риза

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» деп аталатын сұхбатына байланысты ой айтқан, пікір біл­дірген азаматтар, оқырмандар аз емес.

Редакцияның электронды поштасына түрлі хат келіп жатыр. Олардың ара­сында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау саласы арда­герлері де бар. Ардагер азаматтар Президент сұхбатын ел дамуының бағдарын айқындаған ойлар ретінде бағалапты. Атап айтқанда, Президент­тің «Мемлекет мұғалімдерге және ме­дицина саласының қызметкерлеріне өте жақсы қолдау көр­сетті. Олардың жалақысы бірнеше есе өсіп, қоғам­дағы мәр­те­бесі де арта түсті. Бұл дер кезінде қабылданған орынды шешім болды», – дегені, расында да, саладағы оң өзгерістерге берілген баға екеніне тоқталған. Әрі жалпы медицина саласы маман­да­рын қолдаудың жүйелі саясатына алғыс айтты.

«Адамзат үшін ең маңызды құн­дылық, бірінші байлық денсаулық еке­­нін ескерсек, мемлекеттің әлеумет­тік-эко­номикалық саясатының негізгі көр­­сет­кіштерінің бірі де – халық ден­сау­лығы. 

Осы орайда Сіз өзіңіздің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауыңызда денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше мән бердіңіз. «Пандемия туындатқан дағ­да­рыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дә­рігердің еңбегін бағалай білетін бол­дық» дей келе, ақ халатты абзал жан­дар­ды қолдаудың жаңа тетіктерін айқын­дау­ды тапсырған едіңіз. 

С­іздің тапсырмаңызбен қазір ден­саулық сақтау саласы қызметкерлеріне жан-жақты қолдау жасалуда, оларға тұ­рақ­ты түрде материалдық, рухани қам­қор­лық  көрсетіліп келеді», – делінген ардагерлер хатында. 

Әлбетте, сала ардагерлері бүкіл сана­лы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнап, өздеріне жүктелген жауапкер­шілік­ті терең түсініп, бар білімі мен тә­жірибесін, қажыр-қайратын халықтың аман­дығы жолына жұмсап келе жатқаны даусыз. Ал Мемлекет басшысы оларды ерен еңбегін сезіне, түсіне біліп, сала қыз­меткерлерін қолдаудың үздік үлгісін көр­сетті.

«Атап айтар болсақ, медицина қыз­меткерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақ­тандыруға бағытталған заңды қабыл­да­дыңыз, бүгінде олардың қызмет бары­сындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойдыңыз. Еге­мен­дігіміздің нышаны ретінде «Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген дәрігері» атағын қал­пына келтірдіңіз. Өз кезегінде бұл тың бастамаларыңыз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, қоғамның біртұтастығын қам­та­масыз етуге ықпал ететіні анық», – дей­ді ардагерлер. 

Мұндай қолдаудың игілігін көріп жат­қан аймақ дәрігерлері, орта, кіші буын­ды медицина қызметкерлері Пре­зи­дентке дән риза екенін жазған хатқа Қызылорда облысын денсаулық сақтау са­ласы ардагерлері атынан Қазақ ССР ең­бек сіңірген дәрігері, Қызылорда об­лы­­сының құрметті азаматы, «Құрмет», «Па­расат» ордендерінің иегері Тұрғанбай Ма­ханов, «Денсаулық сақтау ісінің үз­дігі», «Парасат» орденінің иегері Бақыт Пиржанова, «Қызылорда облысының құр­метті азаматы», «Құрмет» орденінің ие­г­ері Абдулла Шуленбаев, «Құрмет» ор­денінің иегерлері Раиса Күзденова, Сағындық Шәмшиев, «Шапағат» меда­лінің иегері Гүлмира Жұмашева, SENIM денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіп­ода­ғының Қызылорда облыстық фи­лиа­лының төрағасы Сәулебек Ысқақов қа­­­тарлы азаматтар қол қойыпты. Сала ар­дагерлері денсаулық сақтау қыз­мет­кер­лері өздеріне деген қамқорлықтың жал­ғаса береріне сенімді екенін, ме­ди­цина мамандары ел үшін аянбай еңбек ете­тінін атап өткен. Сонымен бірге Пре­зидентке ерекше ризашылығын білдірді. 

А. СҰЛТАН