Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын жауып, боран болады. Шығыс өңірлерде түнде қалың қар жауады деп болжануда, ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оңтүстікте, солтүстік-батыста және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжануда. Аймақтардың басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.