Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын қолданушылар саны 700 мыңнан асты

Өткен жылы электронды кітапхана пайдаланушыларының саны 718 955-ке жеткен.

Ұлттық электронды кітапхана 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының негізінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы ретінде құрылған. 2025 жылы кітапхана айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кітапхана қорында 64 тілде құжат сақталған, платформаны 122 елдің оқырмандары пайдаланады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция, Қырғызстан секілді елдер бар.

Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы қорында кітаптар, мақалалар, диссертациялар және аудио-видео файлдар – жалпы 83 809 құжат жүктелген. Барлық материалдармен тіркелмей-ақ порталда танысуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.