Пәтер сатып алудан қай қала көш бастады?

Тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны 32,9% өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (11 674 – 2%) және Алматы (9 013 – 17%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (3 804 – 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 427 мәміле (0,8%).

2025 жылғы желтоқсан айында тұрғын үйді алып-сату бойынша соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді – 53 128 мәміле, бір айдағы мәміле саны 32,9% өскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Қараша айымен салыстырғанда желтоқсанда мәмілелер санының өсімі еліміздің барлық өңірінде байқалды. Ең жоғары өсім Маңғыстау (+69,2%), Павлодар (+66,3%) және Ақтөбе (+53,6%) облыстарында.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 31,9% (9 955 мәмілеге) өскен. 2025 жылдың желтоқсан айында пәтерлер бойынша барлығы 41 177 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,5%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (28%), Алматы (20%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың желтоқсан айында олар бойынша 15 323 мәміле ресімделген.

Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 36,6% (3 200 мәмілеге) өскен. Желтоқсанда барлығы 11 951 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсуі еліміздің Павлодар облысынан басқа барлық өңірінде байқалды, онда мәмілер саны 10,4% азайған. Ең жоғары өсім Маңғыстау (+83,9%), Ақтөбе (+76,6%) және Батыс Қазақстан (+52,8%) облыстарында тіркелген.

2025 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 6,2%-ға өсті, ол кезде 50 046 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Жетісу облысында (35,8%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (33,8%).

Егер жалпы жылдық көрсеткіштерді салыстырсақ, 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 448 571 мәміле болды, өсім – 3,6%. Ең үлкен өсім Астана қаласында (+21,6%), Жамбыл (+10,1%) және Жетісу (+10,1%) облыстарында тіркелді. Ал осы кезеңдегі ең жоғары төмендеу Атырау (13,2%), Ұлытау (12,5%) және Батыс Қазақстан (12,3%) облыстарында болды.