Полиция департаменті "Қазақтелекоммен" бірлесіп, 160 және 165 нөмірлері арқылы жұмыс істейтін Call-орталықтарға қоңырау түскен кезде интернет-алаяқтық түрлері туралы аудиоескерту іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтықтан сақтану үшін:
– SMS-кодтарды бөгде адамдарға хабарламаңыз;
– Құқық қорғау органдары атынан жасалатын жалған қоңырауларға сенбеңіз;
– Ақшаны "қауіпсіз" немесе "сақтандыру" шоттарына аудармаңыз, мұндай шоттар жоқ.
Құқыққа қарсы әрекеттерге тап болсаңыз, "102" нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.