Aрмaн Миниязов: Атом энергетикасы – Қазақстан үшін сенімді базалық энергия көзі

Ядролық технологиялар іргелес ғылыми бағыттардың өсуіне де қозғаушы күш ретінде қарастырылады.

Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл кезеңде экономиканы жаңғырту ғылым, технологиялар және жоғары технологиялық салалар арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Осы ретте атом энергетикасын жалпы сенімді базалық энергия көзі ретінде дамытудың стратегиялық маңызы бар. Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы атом энергиясы институты филиалының өкілі Aрмaн Миниязов айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Алғашқы атом электр стансасын салу жөніндегі шешім  референдумда қолдау тапты, бұл  энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мен экономиканы декарбонизациялау жолындағы маңызды қадам.

Ядролық технологиялар іргелес ғылыми бағыттардың өсуіне де қозғаушы күш ретінде қарастырылады. Сонымен катар ғылыми-технологиялық базаны күшейтуге, жаңа буын инженерлерін даярлауға және халықаралық зерттеу жобаларына интеграциялануға мүмкіндік береді.

Алайда оң нәтиже жобаларды басқара білу құзыретіне, инвестицияларды тартудағы ашықтыққа және қоғаммен тиімді байланыс орнатумен тікелей байланысты. АЭС-ті дамытуда ғылыми инфрақұрылыммен және кадрлар дайындаумен тығыз байланыста жүзеге асырылып, экологиялық тәуекелдер барынша төмен деңгейде қамтамасыз етілуі маңызды,  деді Арман Миниязов.