"Жігіттің екі сөйлегені - өлгені": Әбдіжаппар Әлқожа Нұрлан имамға берген уәдесін орындады (видео)

Желі қолданушылары бұл жылы көрініске риза болып, лебізін білдіріп жатыр.

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа имам Нұрлан Байжігітұлына берген уәдесін орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі имаммен видео жариялап, бір жыл бұрын көпшілік алдында берген уәдесін еске алды. Сөйтіп, қымбат смартфон сыйлады. 

«Ассалаумағалейкум. Жігіттің екі сөйлегені – өлгені. Халық алдында айтылған уәде орындалуы керек. Біз үшін ең маңыздысы — шынайы ниет пен көңіл», — деді әнші.

Ал Нұрлан имам алғыс білдіріп, ақ батасын берді.

Желі қолданушылары бұл жылы көрініске риза болып, лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.