Әйгілі актер Асанәлі Әшімовтің жұбайы әлеуметтік желіде жан тебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол видео жариялап, өткен күндерді еске алды. Сонымен қатар актерге деген сағынышын жеткізді.
"Сағыныш. Жүрек сыздайды. Жарқын жүзін сағындым... Алла пейіш төрінен орын бер", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бағдат ханымға қолдау білдіріп, көңіл айтты.
"Сыздаған жүрегіне жұбаныш бола білген сізге Алла разы болсын, Бағдат ханым", "Жанымызды елжіреткен неткен ән, неткен сағыныш, неткен иірімдер", Бағдат апай, қайғыңызға ортақпыз. Тас түскен жеріне ауыр", "Сізге мың алғыс, алақаныңызға салып, аяладыңыз",- деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.