Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауылында Creative IT Center орталығы салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл – СҚО-дағы жетінші аудандық хаб, ол Qyzyljar Creative Center өңірлік хабы желісінің бөлігіне айналмақ.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру мекемелерінің, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен ауданның белсенді жастары қатысты.
Орталық ауылдық елді мекендер тұрғындары арасында креативті индустрияны, цифрлық сауаттылықты және IT кәсіпкерлікті дамытуға арналған.
Тимирязев ауданында Creative IT Center-дің ашылуы Солтүстік Қазақстан облысының креативті және цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалған жүйелі жұмыстың нәтижесі. 2026 жылғы 1 наурызға дейін өңірдің барлық аудандарында осындай орталықтарды ашу жоспарланып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.