Ислам ойындары: Қазақстан дзюдошылары 7 жүлдемен үздік бестікте

Құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар.

Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ойындарында дзюдо бойынша жекелей жарыстар аяқталды.

Аталған халықаралық жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 7 жүлде жеңіп алды. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық дзюдошылар командалық есепте үздік бестіктің қатарына енді. Құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар.

Жүлдегерлер:

  • Аруна Жангелдина (–78 кг) — алтын медаль
  • Шерзод Давлатов (–60 кг) — күміс медаль
  • Ержан Еренғайыпов (–66 кг) — күміс медаль
  • Мәди Амангелді (–81 кг) — күміс медаль
  • Самалай Ерғалиева (–63 кг) — қола медаль
  • Назгүл Маратова (+78 кг) — қола медаль
  • Айдар Арапов (–90 кг) — қола медаль

Айта кетейік, дзюдо бойынша жекелей жарыстар екі күнге созылып, оған 33 елден 171 спортшы қатысты.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.