Былтыр елімізде 48 мыңнан астам азаматқа психологиялық көмек көрсетілген

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, еліміздің 20 өңірінде халыққа кәсіби психологиялық және әдістемелік көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша, орталық мамандары 48 019 жеке психологиялық кеңес өткізді. Оның ішінде 23 885 кәмелетке толмаған балаға, 14 898 ата-анаға, 9 236 педагогке кеңес берген,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл көрсеткіштер психологиялық саулық және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелеріне қоғамның ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Жыл бойы еліміздің барлық өңірінде 40 мыңнан астам профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Олар балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және психологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.

Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 9 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Бұдан бөлек, күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдайтын «111» бірыңғай байланыс орталығы арқылы көмек алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.