VIETJET QAZAQSTAN әуекомпаниясы Астана-Петропавл-Астана бағыты бойынша субсидияланатын рейстерін бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz әуе компаниясының ақпаратына сәйкес.
Билет құны тұрақты – 20 мың теңге.
Сатылым ашық және оларды Vietjetqazaqstan.kz сайтынан, сондай-ақ әуе билеттерін сататын танымал сервистерден алуға болады.
Ұшу күнін өзгерту және билетті қайтару қызметі үшін қаражат ұсталмайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.