Солтүстік Қазақстан облысы Береке ауылында қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 32 жастағы марқұмның мәйітін алғаш болып көршісі тапқан. Қылмыс жасағандар денені қар үстімен сүйреп, қоршау жанына тастап кеткен.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі алдын ала мәліметтерді растады. Тергеу нұсқасы бойынша, қанды оқиға спирттік ішімдік ішу кезінде басталған жанжалдың соңы болған. 29 жастағы күдікті жәбірленушіге өлімге әкелген дене жарақатын салған.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша екі адам күдікті ретінде танылып отыр. Олардың бірі қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, екіншісінің іске қатыстылығы тексерілуде. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.