Астанада тұрғын үймен жасалған мәмілелер бойынша тарихи рекорд тіркелді

Желтоқсан айында шамамен 11,7 мың мәміле тіркеліп, бұл қарашамен салыстырғанда 32%-ға, ал 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18%-ға жоғары болды.

2025 жылы Астананың жылжымайтын мүлік нарығы бұрын-соңды болмаған белсенділік көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Желтоқсан айында шамамен 11,7 мың мәміле тіркеліп, бұл қарашамен салыстырғанда 32%-ға, ал 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18%-ға жоғары болды. Жыл қорытындысы бойынша, елордада 93,5 мыңнан астам мәміле жасалып, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға көп және соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болып саналады.

Нарықтағы белсенділіктің артуы тұрғын үй бағасының, әсіресе бастапқы нарықта  өсуімен қатар жүрді. Жалпы, еліміз бойынша жыл ішінде 448,6 мың мәміле жасалған. Бұл көрсеткіште ең үлкен үлесті Астана қаласы қосқан, ал елдегі облыстардың жартысында белсенділік төмендеген.