Әкесін өлімші етіп сабаған ер адамға 6 жыл түрме жазасы сұралды

Прокурор оған 6 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасын және 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуды сұрады.

Түркістан облысында 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырыстары аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Прокурор оған 6 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасын және 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуды сұрады.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, әрекетін «ақыл-естен айырылумен» түсіндірді. Ол көзіне жас алып, соттан жазасын жеңілдетуді өтініп, балалары барын әрі отбасының жалғыз асыраушысы екенін айтты.

 

Еске сала кетейік, бұл іс өткен жылдың күзіне қарай үлкен қоғамдық резонанс тудырған еді. Әлеуметтік желілерде мүмкіндігі шектеулі қарт адамға көрсетілген зорлық-зомбылықтың видеосы тарап, көпшілік наразылығын туғызды. Осыдан кейін оның ұлына қарсы қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен қарт адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Айыпталушының бауыры бейнежазбаны түсіргендерді жауапқа тартуды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қараусыз қалдырды.