Хаби Алонсо «Реал Мадридтен» кеткен кейін соңғы сөзін айтты

Бұл шешім Испания Суперкубогының финалында «Барселонадан» 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін қабылданды.

Жақында ғана «Реал Мадрид» футбол клубы 44 жастағы испандық маман Хаби Алонсоның клубтан кеткенін ресми түрде жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Келісімшарт екі жақтың өзара келісімімен бұзылды. Бұл шешім Испания Суперкубогының финалында «Барселонадан» 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін қабылданды.

Х. Алонсо өз әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:

«Бұл кәсіби кезең аяқталды, өкінішке қарай, бәрі біз қалағандай болмады. “Реалды” жаттықтыру үлкен құрмет пен зор жауапкершілік болды. Клубқа, ойыншыларға және ең алдымен жанкүйерлерге — мадридизм өкілдеріне сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтамын. Мен барымды салдым, енді бұл жолдан құрметпен, алғыс пен мақтанышпен кетемін!».

Хаби Алонсо «Реал Мадридті» 2025 жылдың жазында үш жылдық келісімшартпен басқаруға кіріскен еді. Оның жетекшілігімен «корольдік клуб» 34 матч өткізіп, 24 жеңіске жетіп, 4 тең ойын және 6 жеңіліс тіркелді.

Оған дейін Алонсо үш маусым бойы Германияның «Байер Леверкузен» клубын жаттықтырып, 2024 жылы Бундеслига, Германия Кубогы және Суперкубогын жеңіп алған. Осылайша «Баварияның» ішкі аренадағы 11 жылдық үстемдігін тоқтатқан еді.

Алонсо кеткеннен кейін, «Реалдың» жаңа бас бапкері болып Альваро Арбелоа тағайындалды. Ол 2025 жылдың жазында мадридтіктердің үшінші дивизионда ойнайтын екінші командасы «Кастильяны» басқарған.