Актриса, әнші Ақбота-Нұр Абайқызы жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер Аян Өтепберген актрисадан соңғы махаббаты туралы сұраған Ақбота-Нұр бұрынғы күйеуін «соңғы махаббатым» деп сенгенін, алайда уақыт өте келе олай болмай шыққанын жеткізді.
"Соңғы махаббатымды "соңғы" ойлағанмын. Сенгенмін. Өкінішке қарай, ол менің соңғы махаббатым емес екен. Алдағы соңғы махаббатымнан біраз нәрсе күтемін", - дейді актриса.
Ол басынан өткен жағдай өмірге деген көзқарасын өзгертiп, махаббаттың құнын білуге үйреткенін айтты. Алдағы уақытта өмірлік серігін жолықтыруға үміті бар екенін де жасырмады.
Желі қолданушылары Ақбота-Нұрға қолдау білдіріп, бақыт тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.