Қазгидромет 15 қаңтарда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қар жауып, күндіз жауын-шашын (көбіне қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Түнде және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылордада 15 қаңтарда күндіз жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, кей тұста тұман түседі. Түнде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Астанада 15 қаңтарда жолдарда көктайғақ болады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде аздап қар жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде 15 қаңтарда шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 15 қаңтарда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысында қар жауып, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда 15 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсіп, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 15 қаңтарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын жүріп, таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
15-17 қаңтарда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 40 градус аязды көрсететіні болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 15 қаңтарда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 15 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 15 қаңтарда жолдарда көктайғақ болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.