Алмас Дәулетярұлы – Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.
Алмас Өтешов бұған дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер, «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары болған.
«Ендігі кезекте Алмас Дәулетярұлы облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына, сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижесіне жауапты болады», – деп мәлімдеді басқарма.