Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды
Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды
Фото: Интернеттен алынды
277
оқылды
Сәрсенбі күні Қытайдың Ухань қаласында жаңа туған сәбидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталды, – деп хабарлады «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». Дереккөздің айтуынша, сәби дүниеге келген соң 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілді. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берді. Нәресте Уханьдағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты. Қытайлық дәрігерлер «инфекцияның анадан балаға тікелей берілу» ықтималдығын қарастыруда, зерттеп жатыр. Біз бұған дейін коронавирустан қайтыс болғандар саны 562-ге адамға жеткенін жазған болатынбыз.