Балаларға арналған әдеби кітаптар таныстырылды

Жиынға ақын-жазушылар, жас қаламгерлер және оқырмандар қатысты.

Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің «Балалар әдебиеті: Креативті индустрия, имидж, бренд» атты панельдік сессиясы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Панельдік сессияға ақын-жазушылар, жас қаламгерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шара барысында «Балалар кітапханасы» және «Балалар әдебиетінің бағбандары» топтамасымен жарық көрген қазақ жазушыларының кітаптары таныстырылды.

Сондай-ақ қатысушылар қазіргі балалар әдебиетінің даму бағытын және оның мәдениет индустриясымен сабақтастығын талқылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.