Пациенттердің есебінен Испаниядан үй, Астанадан пәтер алған

2,4 миллиард теңгені құрайтын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасап, қаржыны жымқырған. 2024 жылдың қаңтар айында қылмыстық жолмен алынған табыстың бір бөлігі — 364 млн теңге — клиникалар басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап

2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған.

Жобаны іске асыру басталғаннан кейін клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізген.

Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен.

Нәтижесінде, клиникалар нақты көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін Қор қаражатынан заңсыз түрде 682 млн теңге алған.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның мүлкіне: Испаниядағы қала сыртындағы үй, Астана қаласындағы пәтер, сондай-ақ автокөлікке тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.