Энергетика министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру тәртібін қайта қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысының аударымдарды орталықтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (9-баптың 2-тармағы) сәйкестендіру мақсатында, көмірсутектер мен уран өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар ғылымды қаржыландыруға арналған қаражатты енді тікелей республикалық бюджетке аударуға міндетті.
Осы мақсатта арнайы бюджеттік сыныптама коды бекітілді: 401103 — «Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары».
Тиісті өзгерістер 2025 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған бірлескен бұйрықпен бекітілді. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №244 «Көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылданды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.