Түркістан облысында науқас әкесін соққыға жыққан 41 жастағы Алмас Садақбаев сотта соңғы сөзін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
— Ешкім ертеңгі күні не боларын білмейді екен. Істеген ісіме шын жүректен өкінемін. Бұл ісім үшін өмір бойы өкініште өтемін. Шынымды айтсам, бас көтеріп жүре алмай қалдым. Жүруге де хақым жоқтай сезінемін. Бұл — білместік пен пендешіліктен туған әрекет. Мен де пендемін ғой. Шын мәнінде, өкініп отырмын. Қателестім, кінәмді толық мойындаймын, — деді айыпталушы.
Алмас Садақбаев сотта адвокат жалдауға мүмкіндігі болмағанын да айтып өтті.
— Барша Қазақ халқынан кешірім сұраймын. Түсіністікпен қарауыңызды өтінемін. Ашуға ерік беріп қойдым, байқамай қалдым. Ешкімнің басына мұндай жағдай түспесе екен деймін. Адамдар өмірде қателеспей, қылмыс жасамай өмір сүрсе екен деп тілеймін, — деді ол.
Сот үкімі бүгін шығуға тиіс.