Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Құқық қорғау органдары, «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған, олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған.

Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.