Закопане (Польша) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жекелей жарыста финалдық кезеңге Данил Васильев жетті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 24-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы командалық сайыста да өнер көрсетті. Данил Васильев пен Нұршат Тұрсынжанов 13-ші орынға ие болды.