Орал қаласында шомылу рәсіміне орай 12 жерде арнаулы орын дайындалып жатыр

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Марат Мұратов мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысында православ христиандарының «Крещение Господне» діни мейрамына арналған шомылу рәсімі арнайы жабдықталған орындарда өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Марат Мұратов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, 2026 жылдың 18 қаңтары сағат 23:00-ден бастап 20 қаңтар сағат 00:00-ге дейінгі аралықта шомылу рәсімі ұйымдастырылады. Аталған кезеңде тұрғындардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 35 орын, оның ішінде Орал қаласында 12 арнайы жабдықталған орын дайындалуда.

Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін 200-ден астам ТЖД қызметкері, полиция мен жедел жәрдем мамандары кезекшілікке тартылады.

ТЖД келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

тек арнайы жабдықталған орындарда шомылу;

жалғыз немесе мас күйде суға түспеу;

балаларды ересектерсіз суға жібермеу;

мұздан секіруге немесе баспен сүңгуге болмайды;

ойықтарды ластамау, жануарларды әкелмеу;

жалған көмекке шақырмау;

автокөлікпен ойыққа жақындамау.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды су айдындарының маңында абай болуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.