Өңірлік білім басқармалары таратқан мәліметке қарағанда, 16 қаңтарда еліміздегі бірқатар өңірде сабақ қашықтан оқытылады , – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында 37 градус суық болады. Осы себепті мектептердегі бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқиды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты 1 және 2 ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Ақтөбе қаласы білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды.
"Ал Атырау қаласында сабақ офлайн болады. Тек Жылыой, Индер және Мақат аудандарының оқушылары ғана қашықтан білім алады", - деп хабарлады өңірлік білім басқармасы.
Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.