40 градус аяз болады: 16 қаңтарға ауа райы болжамы

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қазгидромет 16 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қонаевта кей уақыттарда жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Ақтауда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Түркістанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Қызылордада кей уақытта тұман түседі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 35-38 градус қатты аяз болады. Қарағандыда түнде және таңертең жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбеде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында қар, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз болады. Өскеменде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз болады.

Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.