Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

Бұл марапат ел мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетел авторларына әдебиет пен өнер саласындағы туындылары үшін беріледі.

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өтінім 2026 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады. Қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізімі  Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған, – делінген министрліктің арнайы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.