Ауа райы күрт бұзылды: үш облыста жол жабылды

Рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 16 қаңтар сағат 21:15-те ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді: 

Ақтөбе облысы: 

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі («ЭКО ойл» ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы). 

Қызылорда облысы: 

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы). 

Жолды 2026 жылғы 17 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Маңғыстау облысы: 

2026 жылғы 16 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтау – Құрық» автожолының 13-72 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтау каласы- Құрық ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды 2026 жылғы 17 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.