45 градус аяз, көктайғақ болады: 17 қаңтарға ауа райы болжамы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні болжанады. 17-18 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз болады.

Қазгидромет 17 қаңтарда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні болжанады. 17-18 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда 17 қаңтарда түнде және таңертең солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың орталығында 23 м/с дейін жетеді. Қызылордада 17 қаңтарда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 35-38 градус қатты аяз болады.

Батыс Қазақстан облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда 17 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады. Алматыда 17 қаңтарда түнде кей уақытта қатты қар жауатыны болжанады, ал Қонаевта 17 қаңтарда солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде 17 қаңтарда шығыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында қар жауып, көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде қалың қар түседі, облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда 17 қаңтарда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Шымкентте 17 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 17 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз болады. Талдықорғанда 17 қаңтарда көктайғақ болып, түнде 25-26 градус қатты аяз болатыны болжанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.