Белгілі спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен жаңа қызметке тағайындалды

Клубтың мәлімдемесіне сәйкес, Ермұхамед Мәулен бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаментінің директоры, федерация президентінің кеңесшісі және Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Белгілі спорт журналисі әрі комментатор Ермұхамед Мәулен «Ордабасы» футбол клубы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Клубтың мәлімдемесіне сәйкес, Ермұхамед Мәулен бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаментінің директоры, федерация президентінің кеңесшісі және Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Ермұхамед Мәулен отандық спорт медиасындағы танымал тұлғалардың бірі. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013–2016 жылдары Qazsport телеарнасында редактор болып жұмыс істеді.

2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет оқиға орнынан тікелей жүргізген комментатор ретінде кеңінен танылды.

Кейінгі жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімін басқарды, «Хабар» агенттігінде спорт бөлімінің продюсері болды. 2020 жылы Qazsport телеарнасына қайта оралып, арнайы жобалар редакторы қызметін атқарды.

 

2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарған Ермұхамед Мәулен 2022–2024 жылдары федерация президентінің кеңесшісі болды. Енді ол кәсіби тәжірибесі мен білімін «Ордабасы» футбол клубының дамуына бағыттамақ.