Күні кеше сағат 13:00 шамасында түскі ұйқы кезінде 2021 жылы туған, 4-5 жас аралығындағы балалар тәрбиеші мен күтушінің қарауынсыз қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жанында бірде-бір ересек адамды көрмеген балалар жылай бастаған. Біраз уақыттан кейін олар өз бетінше киініп, балабақшадан кетуге шешім қабылдаған.
Сағат 13:14-те балабақша дәлізінен бухгалтер өтіп бара жатып балаларды көргенімен, ешқандай шара қолданбаған.
Ал сағат 13:16-да балалар өздігінен киініп, балабақша аумағынан шығып кеткен.
Осы уақытта далада ауа температурасы –12 °C болып, қатты жел мен боран соғып тұрған.
Балабақша аумағынан шыққан соң дұрыс киінбеген әрі қатты тоңған балалар жылап, көшеде өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Орта жастағы бір ер адам балаларға жанашырлық танытып, оларға үйіне жетуге көмектескен.